Басты бет Жаңалықтар Алматыда коронавирус жұқтырған медқызметкерлер саны 27-ге жетті

Алматыда коронавирус жұқтырған медқызметкерлер саны 27-ге жетті

12 сәуірде Алматыда тағы 15 медицина қызметкеріне коронавирус жұққаны белгілі болды. Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауру жұққан қызметкерлердің бірінің аяғы ауыр. 

Фото: Repubblica.it

Науқастар қатарына қосылғандардың арасында дәрігерлер, орта және кіші буын және басқа да медицина мамандары бар.

Полисегмент пневмониямен ауыратындықтан екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық, — деп хабарлады қоғамдық денсаулық басқармасы.

Өткен 2 тәулік ішінде барлығы 27 медицина қызметкері ауру жұқтырып отыр. Бұған дейін 12 қызметкер коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Exit mobile version