Басты бет Жаңалықтар Коронавирус инфекциясынан жетінші адам қайтыс болды

Коронавирус инфекциясынан жетінші адам қайтыс болды

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болғанын хабарлады. 

Фото: Aa.com.t/Fatemeh Bahrami

Ақмола облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды, — деп хабарлады шұғыл штаб.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сулен Ілиясовтың хабарлауынша, Целиноград ауданының 1929 жылғы тұрғыны, әйел адам 6 сәуірде қайтыс болды. Мәйіті сойылып, зерттелгеннен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл әйел бұған дейін осы ауданда коронавирустан қайтыс болған 1947 жылғы науқаспен қарым-қатынас жасаған.

Пациент бірнеше созылмалы аурумен ауырған. 1 сәуір күні өкпесі, жүрегі ауырып, жағдайы нашарлаған. Сулен Ілиясов марқұмның Паркинсон ауруына шалдыққанын және жамбасы сынғанын да айтты.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны жетеуге жетіп отыр. Қайғылы оқиғалар Нұр-Сұлтан мен Шымкентте, Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстарында тіркелді. Ақмола облысында үш адам қайтыс болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version