Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бесеуге жетті

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бесеуге жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір күнгі сағат 15.40-тағы мәліметі бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны бір адамға көбейді.

Фото: Ufavesti.ru

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұның алдында 4 сәуірде Түркістан облысында науқастардың бірі қайтыс болған еді. Ол — Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны.

Елімізде коронавирус құрбандары бес адам болды. Бұған дейін бір-бір қайғылы оқиға Нұр-СұлтандаАқмола облысында және Қарағанды облысында тіркелді. Қазіргі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны анықталғандардың саны 525-rе жетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version