COVID-19 пандемиясы: Қазақстандағы науқастар саны 229-ға жетті

28 наурызда сағат 22.00-де Нұр-Сұлтанда 18 адам, Алматыда бір адам, Ақмола облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталса, 29 наурыз, сағат 00.50-де Алматыда науқастардың қатары тағы біреуге көбейді.

Кейінгі мәлімет бойынша Қазақстанда барлығы 229 науқас тіркеліп отыр:

Нұр-Сұлтан — 135 адам,

Алматы — 60 адам,

Қарағанды — 7 адам,

Ақмола облысы — 6 адам,

Атырау облысы — 5 адам,

Жамбыл облысы — 3 адам,

Шымкент — 2 адам,

Шығыс Қазақстан облысы — 2 адам,

Алматы облысы — 4 адам,

Ақтөбе облысы — 1 адам,

Солтүстік Қазақстан облысы — 1 адам,

Павлодар облысы — 1 адам,

Маңғыстау облысы — 1 адам,

Қызылорда облысы — 1 адам.

Республика бойынша аурудан жазылғандардың қатары 18-ге жетті.