Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды.
27 наурыз күнгі 00:00-де Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 113 болды.
Нұр-Сұлтан бойынша 61 адам, Алматыда 40 адам, Қарағандыда төрт, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында үш адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас бар.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Екі адам жазылып, үйіне шығарылды.