Басты бет Жаңалықтар Шымкентте автовокзалдар жабылып жатыр

Шымкентте автовокзалдар жабылып жатыр

26 наурыздан бастап Шымкентте автовокзалдар жабыла бастады. Қалааралық және ауданаралық рейстерге шектеу қойылады.

Фото: Yandex.kz

Otyrar.kz сайты хабарлауынша, 26 наурыздан бастап қаладағы «Самал», «Бекжан» және «Айна» автовокзалдарына автобустарды енді кіргізбейді. Оған қоса, қаладағы қоғамдық көлік саны 25% азайды.

Қала әкімі тапсырмасына сәйкес, жүргізушілер мен кондукторларға жұмысқа бетпердесіз келуге құқы жоқ. Оған қоса, әр маршруттан соң автобустар дезинфекциялануы керек. Жолаушыларға да бетперде киюге кеңес беріледі, — деп жазды Otyrar.kz сайты.

Автовокзалдар қашан ашылып, транспорт жұмысын бұрынғы режимде қашан бастайтыны әзірше белгісіз.

Айта кетейік, 25 наурызда Шымкентте тағы бір коронавирус жұқтырған адам анықталған еді. Елімізде науқастар саны 97-ге жетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version