Басты бет Қоғам 26 наурыз күні Қызылордада дезинфекция жұмысы басталады

26 наурыз күні Қызылордада дезинфекция жұмысы басталады

Коронавирус іңдетіне байланысты және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыз күні сағат 10.00-ден бастап дезинфекциялайды. 

Фото: Ria.ru

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмысы «Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің» кестесіне сәйкес жүргізіледі. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Дезинфекция жұмысын Қорғаныс министрлігіне қарасты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдер ұйымдастырады.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version