Басты бет Жаңалықтар Сергей Лавров Қазақстанның «Барыс» орденімен наградталды

Сергей Лавров Қазақстанның «Барыс» орденімен наградталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты "Барыс" орденімен наградтады.

Сергей Лавров пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстан  Республикасы  және  Ресей  Федерациясы  арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Президент жарлығында.

Сергей Лавров — Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері, ол РФ Сыртқы істер министрлігін 2004 жылдың 9 наурызынан бері басқарады. Сергей Лавров бұған дейін 2005 жылы Қазақстанның ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, 2012 жылы І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version