Басты бет Жаңалықтар Саясаттанушы: Елімізде билік эволюциясына заңды негіз жасалды

Саясаттанушы: Елімізде билік эволюциясына заңды негіз жасалды

Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылып жатыр. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Сайыров Strategy2050.kz тілшісіне айтты.

Ерлан Сайыров. Фото: Datnews.online

Саясаттанушының айтуынша, қазір билік трансформациясын түсіндіретін маңызды сәт туды.

Біздің елде биліктің бейбіт түрде ауысқанына бір жыл толды. Бұл өзгерістің басты ерекшелігі — үрдістің бейбіт әрі өз еркімен болғаны. Трансформация еліміз үшін саяси тарихи кезеңде болды. Қоғамда пікір алуандығы пайда болды, жастар өз көзқарасы бойынша әділ әрі радикал реформалардың болуын қалады, — деді Ерлан Сайыров.

Саясаттанушы Қазақстанда билік моделінің эволюция жолымен қалыптасуына Нұрсұлтан Назарбаев ықпал еткенін айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңнамалық әрі конституциялық деңгейде билікті ауыстыруға бейбіт әрі заңды негіз қалыптастарды. Осылайша ол билікті бейбіт түрде жаңа кезеңге сабақтастырды, — деді Ерлан Сайыров.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version