Басты бет Жаңалықтар Төтенше жағдай: министрлік нанды қаптамаға орап сатуды ұсынды

Төтенше жағдай: министрлік нанды қаптамаға орап сатуды ұсынды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда коронавирус пандемиясынан сақтану үшін енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бірнеше ұсыныс жасады.

Фото: Айгүл Хожантаева

Министрлік ірі сауда нысандарының қызмет етуін санитария қауіпсіздігі шараларын күшейте отырып, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді, сауда нысандары аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары мен басқа да ойын-сауық алаңдарын жабуды ұсынып отыр. Ал азық-түлік дүкендері, супермаркеттері мен азық-түлік базарлары әдепкі режиммен жұмыс істегенімен оларда санитария және дезинфекция шаралары күшейтілуі керек.

Нан және кондитер өнімдері қаптамаға оралған күйде ғана сату керек, — делінген ведомствоның Facebook-парақшасындағы хабарламада.

Министрлік азық-түліктен басқа тауар сатылатын базарлардың жұмысын 11.00-ден 17.00-ге дейін шектеуді және оларда санитария-дезинфекция шараларын күшейтуді ұсынып отыр.

Еске салайық, 16 наурыз күні сағат 08.00-де Қазақстанда төтенше жағдай режимі күшіне енді. Режим сәуірдің 15-індегі 07.00-ге дейін жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version