Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: Алматының көп проблемасы бұрыннан белгілі

Нұрсұлтан Назарбаев: Алматының көп проблемасы бұрыннан белгілі

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: Elbasy.kz

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтып берді.

2020 жылдың қаңтар айында Алматыда инвестиция көлемі 43,2 миллиард теңгеден асты. Былтырғы қаңтармен салыстырғанда өсім 22% болды. Бөлшек сауда көлемі 7,5% өсті. Осы жылдың алғашқы айында қалада 84,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырғы қаңтардағы көрсеткіштен 6,7% артық.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы 2019 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағанын айтты.

Алматы — Қазақстандағы ең үлкен мегаполис. Қалада көп проблема бар екенін білемін. Ол — экология, көлік, шағын және орта бизнестің дамуы, көші-қон және халықты жұмыспен қамту. Бұл мәселелер бізге бұрыннан белгілі. Оларды жүйелі түрде шешу маңызды, — деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев саны артып келе жатқан қала халқы үшін емханалар, мектептер мен балабақшалар салу қажет екенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version