Басты бет Жаңалықтар Президент Білім және ғылым министріне тапсырма берді

Президент Білім және ғылым министріне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапасын одан әрі арттыруға, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіруге баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шараларын көбейту, мектептерде тәрбие жұмысын белсенді жүргізу, облыс әкімдерімен бірге құлағалы тұрған және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеуді уақтылы жүргізу маңызды екенін айтты.

Президент ғылым саласын қаржыландыру мен басқару жүйесін жаңғыртуды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды да тапсырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version