Басты бет Жаңалықтар Ломбардтардың заңсыз қызметін тыю мәселесі Ақордада талқыланды

Ломбардтардың заңсыз қызметін тыю мәселесі Ақордада талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингілейтін мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керек екенін және халықтың қаржы сауатын арттыру маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар кеңесте Еуразия экономикалық одағына мүше елдерден ұлттық заңнамаларды ескермей әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі де талқыланды.

Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын, мемлекеттік бюджеттің де, автокөлік иелерінің де мүддесін ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version