Басты бет Жаңалықтар 2020 жылы Қазақстан үшін 14 жаңа әуе бағыты ашылады

2020 жылы Қазақстан үшін 14 жаңа әуе бағыты ашылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады. Ақорда сайтының хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары Президентке Қазақстанда "ашық аспан" жүйесін жасау жөніндегі жұмысты баяндады.

Фото: Reuters.com

Роман Склярдың мәліметінше, биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт сияқты елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады. Сонымен бірге Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмасы орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт — Нұр-Сұлтаннан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.

Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді және Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайтуды тапсырды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық авиациядағы бәсекелестікті арттыру қажет екенін айтты, бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және саланы дамытуға оң әсер етеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version