Басты бет Жаңалықтар Қаңтардың соңғы күні елімізде ауа райы қандай болады?

Қаңтардың соңғы күні елімізде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда 31 қаңтарда Қазақстан аумағы түгелдей Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болғандықтан батыстан басқа өңірлерде қар жаумайды, еліміздің кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. 

Фото: W-n.com.ua

Жұмада Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, Атырау облысында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл облысында кей жерде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел мен жаяу бұрқасын соғады, Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында екпіні секундына 18 метрге жететін жел соғады. Қызылорда облысында тұман түседі.

https://www.youtube.com/watch?v=0fHty1MUrCQ

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version