Басты бет Жаңалықтар Сәрсенбіде Қазақстанның шығысы мен орталығында қар жауады

Сәрсенбіде Қазақстанның шығысы мен орталығында қар жауады

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, республика өңірлерінде бүгін тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді.

Фото: 24.kz

Қазақстан аумағының көп бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, сол себепті оңтүстікте, батыста және солтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз болады, ал циклон жырасының ықпалынан еліміздің шығысы мен орталығында қар жауады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жернде тұман түседі.

https://www.youtube.com/watch?v=D6vvhJrYf4I

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version