Басты бет Жаңалықтар Шейх Қазақстанда мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты

Шейх Қазақстанда мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Даби әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, ірі бизнес өкілі Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаянмен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаян. Фото: Akorda.kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқанын айтты.

Шейх Сурур бен Мұхаммед әл-Нахаян Президентке өзінің West Hydrocarbons Commercial Investment LLC компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты. Ол Қазақстанмен алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.

Еске салайық, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен келіссөз жүргізді. Бірнеше компанияның қожайынымен кездесіп, елдің көрнекі нысандарын аралады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version