Басты бет Жаңалықтар 21 қаңтарда өңірлерде ауа райы қандай болады?

21 қаңтарда өңірлерде ауа райы қандай болады?

Қаңтардың 21-інде Қазақстан аумағының көп бөлігі Архангельск үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады. Соған байланысты елімізде қар жауады, тұман түседі, жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Maria Letta

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша сейсенбіде Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шымкентте тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Павлодар облысында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында да кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version