Басты бет Жаңалықтар Қара теңіз циклоны 30 желтоқсандағы ауа райына қалай ықпал етеді?

Қара теңіз циклоны 30 желтоқсандағы ауа райына қалай ықпал етеді?

Желтоқсанның 30-ында Қазақстанның көп бөлігіне Қара теңізден келген циклон әсер етеді, сондықтан қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады. Тек батыста күн жауын-шашынсыз болады.

Фото: Vestipmr.info

Республика өңірлерінде бүгін тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, боран соғады.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін, Жарма ауданында секундына 25 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Алматы облысында Алакөл көлі ауданында жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды, Жамбыл облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Жамбыл облысында түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі.

Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғаққа, Шымкентте тұманға байланысты ескерту жарияланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version