Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Президент Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына кінәлілердің қатаң жазаланатынын айтты.

Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы Үкімет комиссиясы құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Bek Air Алматы, әуе апаты
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Бүгін — 27 желтоқсанда сағат 07.22-де Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Әуе компаниясының рейсі көтеріле бастағанда биіктікке ие бола алмай, бетон қоршауды бұзып өтіп, тұрғын үй секторындағы екі қабатты құрылысқа соғылды. Соңғы мәлімет бойынша 12 адам қаза болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version