“Әлем барысы” атағын Ресей балуаны Роман Бобиков жеңіп алды

Алматыда қазақ күресінен өткен "Әлем барысы" төртінші абсолюттік әлем чемпионатында әлемнің 30 елінен келген балуандар күш сынасты.

Әлем Барысы
Фото: Instagram.com/sagintayev.b

Чемпионатқа АҚШ, Австралия, Бразилия, Италия, Грекия, Испания, Камерун, Куба, Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және тағы басқа елдерден 33 балуан қатысты. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.

Күрес нәтижесі бойынша “Әлем барысы” атағын ресейлік балуан Роман Бобиков жеңіп алды. Қазақстандық Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов күміс пен қола белбеулерінің иегерлері атанды, – деп жазды қала басшысы Instagram-парақшасына.

Чемпиондық белбеу бір рет Кубаға кетті. Екі рет Қазақстанда қалған еді. Енді Ресейге аттанады.

View this post on Instagram

02.12.2019 Бүгін Алматыда қазақ күресінен «Әлем Барысы» төртінші абсолюттік әлем чемпионатына әлемнің 30 елінен 33 балуан қатысып, күш сынасты. Олар АҚШ, Австралия, Бразилия, Италия, Греция, Испания, Камерун, Куба, Корея, сондай-ақ көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және т. б. Күрес нәтижесі бойынша «Әлем Барысы» атағын ресейлік балуан Роман Бобиков жеңіп алды. Қазақстандық Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов күміс пен қола белбеулерінің иегерлері атанды. Чемпиондық белбеу Кубада, екі рет Қазақстанда, енді, міне, Ресейге аттанбақ. Қазақ халық күресін халықаралық деңгейге көтерген спортшылар мен турнир ұйымдастырушыларын құттықтаймын! —— Сегодня в Алматы померяться силами в четвертом абсолютном чемпионате мира по қазақ күресі «Алем Барысы» собрались 33 борца из 30 стран мира, таких как США, Австралия, Бразилия, Италия, Греция, Испания, Камерун, Куба, Корея, а также соседних России, Кыргызстана, Узбекистана, Туркменистана и других. В результате непростой борьбы «Алем Барысы» стал российский борец Роман Бобиков. Казахстанцы Айбек Нугымаров и Максат Исагабылов обладатели серебряного и бронзового поясов соответственно. Чемпионский пояс побывал на Кубе, дважды оставался в Казахстане и теперь отправляется в Россию. Поздравляю спортсменов и организаторов турнира, поднявших казахскую народную борьбу на международный уровень!

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on