Басты бет Жаңалықтар Сегіз жасар қыз науқас баланы емдеу үшін бұрымын сатпақ

Сегіз жасар қыз науқас баланы емдеу үшін бұрымын сатпақ

Шымкентте қайырымдылық концертте Виола Баланға көмек ретінде миллионнан астам қаражат жиналды. Виолаға сирек кездесетін жүрек ақауы - Шона синдромы диагнозы қойылған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Науқас баланы емдеу мен сауықтыруға 108 630 еуро жинау қажет. Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар — «7 құрлық» би ұжымының басшылары. Екі апта ішінде олардың жүгіруімен жәрмеңке, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сегіз жасар Диана Мамитова Виолаға көмектесу үшін бұрымын қиып, сатуды шешті.

 «Бұрымымды кесіп, сатып, Виолаға ақша беріп, көмектескім келеді», — дейді Диана.

Әр қатысушы шын жүректен өз үлесін қосып бағуда. Шымкентте концерт өтіп жатқанда, Виола мен оның анасы Яна Астанада ауруханада болды. Бір апта бойы оны елдің мықты дәрігерлері қарауда. Оны Германияға емделуге жіберуге дайындауда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version