Басты бет Жаңалықтар Алматыда ерлі-зайыпты Омаровтарға мемориал тақта орнатты

Алматыда ерлі-зайыпты Омаровтарға мемориал тақта орнатты

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Ғалым Омаров пен танымал саяси қайраткер Зәуре Омарова тақта орнатқан үйде 47 жыл бірге тұрған.

Фото: Almaty.tv

Әйгілі партизан Ғалым Омаров көптеген әскери шайқастарға қатысып, Городец ауылындағы жазалаушы отрядты жеңу операциясын жүргізген. Сол үшін батыр Қызыл Жұлдыз орденімен, I және II дәрежелі Екінші дүниежүзілік соғыс және «Бірінші дәрежелі Отан соғысының партизаны» ордендерімен марапатталған. Оның жары Зәуре Омарова көрнекті мемлекет және саяси қайраткер болған. «Отан» орденімен марапатталған. Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесіне және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды.

Осы үйде 1961 жылдан 2008 жылға дейін ата-анам өмір сүрді. Ескерткіш тақта ашылып жатқанына қуанып тұрмыз. Бұған дейін Қарағанды облысында, Жезқазғанда, Қарсақбайда да осындай есте қаларлық кездесулер өтті, — деді Омаровтардың ұлы Нұржан Омаров.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version