Басты бет Жаңалықтар Ташкентте Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Ташкентте Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультатив кездесуіне қатысты.

Фото: Elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. 

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалары талқыланды. Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер туралы да пікір алмасты.

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter-де хабарлауынша, Ташкентте Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультатив кездесуіне қатысты, онда делегация басшыларының шешімімен Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Орталық Азия мемлекет басшылары консультатив кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version