Басты бет Жаңалықтар Алматыда ғалым Темірхан Тебегеновтің кітаптары басылып шықты

Алматыда ғалым Темірхан Тебегеновтің кітаптары басылып шықты

Әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов 70 жасқа толды. Мерейтойға орай ғалымның 12 томдық шығармалар жинағы мен 4 кітаптың тұсауы кесілді.

Фото: Almaty.tv

Темірхан Тебегенов — әдебиеттанушы ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы. Мерейтой иесі кітаптары арқылы кеңес заманында тыйым салынған тақырыптарды қазіргі ұрпаққа өткізгісі келетінін айтты.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының, аштық құрбандарының, қазақтың атақты хандарының, би-шешендері мен батырларының әлі айтылмай қалған жақтарын қазіргі ұрпаққа жеткізу арқылы келер ұрпаққа танытқымыз келеді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қанша жыл толса да қазақ әдебиетінің, сол арқылы қазақ халқының әлемдік деңгейдегі өркениет кеңістігін танытқымыз келеді, — деді филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version