Басты бет Жаңалықтар Jastar Sammiti-2019 шарасы Жастар жылына арналды

Jastar Sammiti-2019 шарасы Жастар жылына арналды

Jastar Sammiti-2019 саммиті Bilimdi urpaq, Ashyq jurek, Jas otbasy, Jas kasipkerligi, Tsifrly jastar және Jas jalyn тақырыптарында өтіп, жас көшбасшылардың басын қосты. 

Фото: Әділет Мұсахаев

Саммиттің мақсаты — көшбасшы жастардың қоғамдағы танымалдығын арттыру және өзге жастарды мақсатына жетуге ынталандыру.

Біз жастардың өз ісін жақсы білетін нағыз мамандардың кеңестерін тыңдап, талаптанса екен дейміз. Жастардың түрлі жобалары бар, олар оны қайда апарып таныстырарын білмейді. Сондықтан осындай алаңда мықты мамандарға көрсетіп, бағыт-бағдар алғанын қалаймыз, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Ақнұр Тәуекел.

Оның айтуынша, шараға университет пен колледж студенттерінен басқа да 14-29 жас аралығындағы жастар қатысып жатыр.

Айта кетейік, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған еді. Бұл бағытта жастарды қолдауға арналған шаралар әлі де жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version