Басты бет Жаңалықтар Нұртас Адамбай ашаршылық туралы фильм түсірмек

Нұртас Адамбай ашаршылық туралы фильм түсірмек

Осы уақытқа дейін бірнеше фильмді түсіріп үлгерген танымал шоумен, КВН жұлдызы Нұртас Адамбай өзінің фейсбуктегі парақшасында ашаршылық туралы кино түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

 

«Сәті түскен кезде міндетті түрде ашаршылық туралы кино түсіремін. Мұндай тариxи нәубетті ұмытуға болмайды», — дейді ол.

Нұртас Адамбай режиссер ретінде осы уақытқа дейін «Келинка Сабина», «Побег из аула», «Келинка Сабина 2», «Операция Маxаббат», «Тараз» фильмдерін түсірген. Соңғысы жақында прокатқа шығады.

Айта кетейік, Кеңес Одағы кезінде екі мәрте ірі қолдан ұйымдастырылған ашаршылық болды. 1919-1922 жылдардағы ашаршылықта 1,5 млн xалық қырылған. Ал екінші рет ұйымдастырылған 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта 2,5 млн xалық көз жұмды. Халық саны тек 40 жылдан кейін ғана өз санына жеткен. 

 

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version