Басты бет Жаңалықтар Президент елдің әскери қауіпсіздігін сақтау мәселесін пысықтады

Президент елдің әскери қауіпсіздігін сақтау мәселесін пысықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Ермекбаев. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде болып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірге стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығу қазіргі сын-қатерлерге байланысты елдің қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған. Шарада сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Мемлекет басшысы әрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді және қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қоюды тапсырды.

Оқу-жаттығу соңында Президент әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің рухына тағзым етті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version