Басты бет Жаңалықтар «Қазақконцерт» Алматыда 60 жылдығын атап өтті

«Қазақконцерт» Алматыда 60 жылдығын атап өтті

"Қазақконцерт" ұйымының Astana sazy және Saz&soul өнер ұжымдары Алматы тұрғындары мен қонақтарына "Қазақконцерт шақырады" концертін ұсынды.

Фото: Instagram.com/qazaqconcert

Astana sazy мен Saz&soul ансамбльдеріне белгілі композиторлар Бауыржан Ақтаев пен Әділжан Толықпаев жетекшілік етеді.

Бұл маэстролар көрерменге ерекше бағдарлама ұсынды. Концертте Құрманғазы, Ақан сері, Жаяу Мұса, Нұрғиса Тілендиев, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Алтынбек Қоразбаев сияқты белгілі композиторлардың шығармалары мен халық әндері жаңа форматта орындалды, — деп жазылған ұйымның  Instagram-парақшасында.

Astana sazy – қазақтың ұлттық музыкасын насихаттайтын этно-фольклор ансамблі. Өнер ұжымының құрамындағы музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл мен мүйіз сырнай сынды қазақтың көне халық аспаптарымен өнер көрсетеді.

Saz&soul — қазақтың халық әндерін және отандық композиторлардың танымал әндерін заманауи тыңдарманның талғамына сай жаңа форматта, әртүрлі музыкалық жанрларда ұсынатын вокалдық-аспаптық ансамбль.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version