Басты бет Жаңалықтар Бюджет табысының молаюы жөнінен қай өңірлер алда?

Бюджет табысының молаюы жөнінен қай өңірлер алда?

2019 жылдың 9 айында еліміздегі жергілікті бюджет табысы былтырғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 19,4% ұлғайып, 4,2 триллион теңгеге жетті. Finprom.kz мамандарының мәліметінше, 9 ай үшін бұл - рекорд көрсеткіш. Былтыр мұндай кезеңде жергілікті бюджет табысы 3,5 триллион теңге болған. 

Иллюстрация: Dribbble.com ©Dmitry Mooi

Жергілікті бюджеттің өз табысы 120 миллиард теңгеге толған. Трансфертті есептемегенде табыс 1,8 триллион теңге болды, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 119 миллиард теңгеге көп. Бюджет табысы салық есебінен молайған.

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке түскен салық 7,5% көбейген — 1,7 триллион теңге, бір жыл бұрын дәл осы уақытта 1,6 триллион теңге болған. Негізгі капиталды сатудан 68,7 миллиард теңге және салық емес түсімдер есебінен 47,7 миллиард теңге түскен. Трансферт биыл 31,4% өсіп, 2,4 триллион теңге болды, былтыр 1,8 триллион теңге болған.

2019 жылдың 9 айында жергілікті бюджет табысының молаюы жағынан бес өңір көш бастап тұр. Олар: Түркістан облысы, Алматы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан.

Түркістан облысы бюджетінің табысы 509,3 миллиард теңге болды, бұл былтырғыдан (434,1 миллиард теңге) 17,3% көп.

Жергілікті бюджетті толтыру бойынша жоспар Нұр-Сұлтаннан басқа өңірлердің бәрінде асыра орындалған. Жоспар орындау жөнінен Атырау облысы, Алматы, Павлодар облысы және Шығыс Қазақстан облысы алда.

бюджет

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version