Басты бет Жаңалықтар Аптаның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Аптаның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Антициклонның ықпалынан 18 қарашада республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік пен шығыста қар жауады.

Фото. Mordovmedia.ru

Еліміздің көп өңірінде жел күшейеді, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады. Қарағанды, Жамбыл облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version