Басты бет Қоғам 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 қараша аралығындағы ауа райына болжам жасады. 

Фото: Site-made-in.odessa.ua

Гидрометеорологтардың  хабарлауынша, осы аралықта Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында төмендеген ауа райы жексенбі күні жоғарылайды. Бұл аймақтарда алдағы түнде ауа температурасы минус 17-25 градус болса, жексенбінің түнінде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5-13 градусқа жоғарылайды, — деді «Қазгидромет» өкілдері.

Атлантика циклоны ауа температурасының жоғарылауына ғана емес, қардың жаууына, батыстан күшті желдің соғуына әсер етеді. Әсіресе, далалы аймақта автожолдарда қатынау қиындауы мүмкін. Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмаса да, ауа температурасы төмендейтіні хабарланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version