Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан кәсіпкері мектепте бизнес тақырыбында сабақ өтті

Нұр-Сұлтан кәсіпкері мектепте бизнес тақырыбында сабақ өтті

2019-2020 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 10-сыныптарға арнап Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні енгізілді.

Фото: Atameken.kz

Нұр-Сұлтандағы №47 мектеп-гимназиясына «Атамекен» палатасы басшылығы мен табысты кәсіпкер, Rocket Study ағылшын тілі мектебінің негізін қалаушы Арслан Дәрімов барды.

Арслан Дәрімовтің айтуынша, оның сабағы кәсіпті аз шығыннан бастауға, идеяны байқап көруге бағытталған.

Оқушылар бизнесті есейгенде ғана бастауға болады деп ойлайды екен. Олай емес. Жобаны жүзеге асыру алаңы — мектеп пен университет.  Кәсіпкерлік негіздері — өзекті пән. кәсіпкер болмасаң да бизнестің қалай жұмыс істейтінін білмей өмір сүру қиын болады. Бұл — бизнес-жоба туралы емес, кәсіпкерлік ойлау, өмір сүру стилі туралы пән, — деді Арслан Дәрімов.

Айта кетейік, жаңа пәнді мектептерге енгізу мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні мұғалімдерінің білігін арттыру курстарын өткізіп жатыр. Қазақстан бойынша ондай курстарға 1800 мұғалім қатысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version