Басты бет Жаңалықтар Қазақстан футболшылары 20 мың доллар сыйақы алады

Қазақстан футболшылары 20 мың доллар сыйақы алады

Қазақстан құрамасының футболшылары Румыния командасымен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан сыйақы алады. Бұл туралы «Астана», «Ақтөбе», сондай-ақ румыниялық бірнеше команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы Йоан Андоне айтты, деп хабарлайды sports.kz.

Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Румыния құрамасы Әлем чеспионатының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы матчта 0:0 есебімен тең түскен еді.

«Әрине, қарсыласың әр ойында аяғыңнан шалып тұрғаны қатты ашуыңды келтіреді. Бұл өзі қызық, дұрыс емес ойын болды. Бірақ, Армениямен ойнаған матчпен салыстырғанда, әлдеқайда қиын еді. Оның үстіне, олар Черногориядан 0:5 есебімен жеңіліп келіп отыр. Бұған дейін поляктармен ойынның 2:2 есебін ескерсек, 0:0 – жақсы көрсеткіш. Бұл тең ойын үшін Қазақстан құрамасының әр ойыншысы 20 мың доллардан, я болмаса, 10 мен 20 мың аралығында алады деп ойлаймын», — деді Андоне.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version