Басты бет Инновация Табан астын тоқтаусыз қазсақ, Жер шарының қай жағынан шығамыз?

Табан астын тоқтаусыз қазсақ, Жер шарының қай жағынан шығамыз?

Табаныңыздың астындағы жерді түпсіз тесе берсе, планетаның қай тұсынан шығатыныңыз қызық па? Бұл ой сізді бір рет болса да, мазалаған шығар. Оны анықтайтын интерактив карта да бар.

Иллюстрация: Dribbble.com ©MUTI

Жер шарының қарама-қарсы нүктесі антипод деп аталады.

Antipodesmap.com сайтының іздеу жүйесіне қаланы, тұрғылықты мекенжайды, пошта индексін немесе басқа да географиялық координатты енгізсе, сол жердің антиподы көрінеді (төменде оң жақтағы карта). Көп жердің антипод нүктесі судан шығады. Себебі Жер шарының 71%-ін мұхит басып жатыр. Сондықтан құрлықтан құрлыққа шығатын антипод нүктелер аз.

карта
Алматының антипод нүктесі

Мысалы, Алматының Бостандық ауданынан бір жерді тессеңіз, Чилидің батыс бүйіріндегі Тынық мұхитынан шығасыз. Қазақстан аумағының антиподы Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Қазақстанның антипод нүктесі

Қытай мен Моңғолияның кей жері Аргентина, Чили елдерімен беттеседі. Бұл — антипод нүктелері құрлықтан табылған ең үлкен аумақ. Еуропа елдері мен АҚШ-тың қарсы нүктесі мұхиттан табылады. Жаңа Зеландия аралының қарсы нүктесі Испания, Португалия, Марокко елдерінен шығады.

Фото: Antipodesmap.com

Ең танымал антипод нүктелер — Оңтүстік және Солтүстік полюстер. Олардың қашықтығы — 12 713,505 шақырым.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version