2024 жылғы Олимпиаданың логотипі белгілі болды

Дизайн спортпен, Олимпиадамен және Франциямен байланысты үш белгіні - алтын медальды, Олимпиада және Паралимпиада отын, Франция нышандарының бірі Марианнаның бет-бейнесін біріктіреді.

Фото: Olympic.kz

Ұйымдастыру комитеті Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиаданың логотипін ұсынды.

Медаль, от, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа келбеті, — деп жазды Ойындарды ұйымдастыру комитеті Twitter-дегі парақшасында.

https://twitter.com/Paris2024/status/1186347647403249664

Логотип түсі мен пішіні ең әдемі медальді көрсетеді. Ол спорттағы басты құндылық — шеберлікке ұмтылуды білдіреді. Олимпиада және Паралимпиада оты әрқашан ерекше естеліктерді еске салады. Жалын бізді армандауға, Олимпиаданы және Паралимпиаданы ұйымдастырудың жаңа жолын іздеуге шақырады. Әрине, Марианна. Эмблема әлемге әйгілі француз ұлттық символы болған әйелге құрметті көрсетеді, — делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз, Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version