Басты бет Жаңалықтар Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы тойланды

Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы тойланды

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында оркестрдің 85 жылдығына орай қазақтың ұлы композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған "Баба мұрасы" атты күй кеші өтті.

Фото: @orkestr.kurmangazy

Бұл туралы оркестрдің Instagram-парақшасына жазылды. Кеште Құрманғазы Сағырбайұлының шығарған қазақтың бай мұрасына айналған «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа шығармасы орындалды.

Құрманғазы оркестрінің орындауындағы әсем сазды әуендер мен күйлерді тамашалауға келген көрермендер ерекеше ілтипатын білдіріп, алғыстарын айтты, — деп жазды оркестрдің Instagram-парақшасы.

Мерекелік концертке Шәміл Әбілтаев, Ермек Қазиев, Батыржан Мықтыбаев, Шыңғыс Құрманқұлов және тағы басқа өнер майталмандары қатысты.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version