Басты бет Жаңалықтар Чехия саясаткері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

Чехия саясаткері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Радек Вондрачек. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастың қазіргі ахуалы мен перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Радек Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сонымен бірге Президент Қазақстанның Чехиямен байланысының өзгермейтінін айтты.

Екі ел парламенті арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін сіздің сапарыңыздың маңызы зор, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда
Фото: Akorda.kz

Чехия саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен бірге еліміздегі реформаларды жоғары бағалады.

Чех Республикасының өкілі ретінде елдеріміз арасында достық және дәстүрлі ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан өте тығыз әрі терең қатынастарды растауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын, — деді Радек Вондрачек.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version