Басты бет Жаңалықтар Жыл соңына дейін мұнай бағасы 60$ болуы мүмкін

Жыл соңына дейін мұнай бағасы 60$ болуы мүмкін

2016 жылдың соңында мұнай бағасы барреліне 60$ дейін жетеді, деп мәлімдеді Стамбулдағы 23 Халықаралық энергетика конгресінде Сауд Арабиясы энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед бен Абдель аль-Фалех. Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

«Қазан айында немесе жыл соңында баға $60 дейін жетеді», — деді ол.

Сауд Арабиясы мен Ресей бірнеше күн бойы мұнай өндіруді қысқарту және әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды қалыпқа келтіру келешегі мәселелерін талқылайды, деп толықтырды Халед бен Абдель Азиз аль-Фалех.

«Біз ресейлік энергетика министрі Александр Новакпен екі күн кездесіп, мұнай өндіру мәселелері және өзге де тақырыптарды талқылауды жоспарлаудамыз. Ресейлік тараптың жағымды рөліне сенім артамыз», — деді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version