Басты бет Қоғам Жаңбыр және тұман. 16 қазанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр және тұман. 16 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей аймақта жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді.

Фото: Wallpapers-image.ru

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, тек батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерін тұман басады, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймағын тұман басады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде қатты жел соғып, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей аймағын түнде және таңертең тұман басады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірін тұман басады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version