Басты бет Жаңалықтар Алмалы ауданының әкімі Ұстаздар күнімен құттықтады

Алмалы ауданының әкімі Ұстаздар күнімен құттықтады

Алматының Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ұстаздарға арналған салтанатты кешке қатысты.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Ұстаздар күнін тойлауға арналған мерекелік кеш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернатында өтті. Шараға аудандағы мектеп, балабақша мен спорт мектептерінің мұғалімдері мен басшылары шақырылды.

Бекқали Торғаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, құттықтау грамотасын тапсырды.

Мерекелік кеште оқушылар ұстаз қауымына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version