Басты бет Қоғам Жыл соңына дейін Алматының 208 көшесіне жарық тартылады

Жыл соңына дейін Алматының 208 көшесіне жарық тартылады

Қазан айының соңына дейін Алматы көшелеріне төрт мыңға жуық жарық нүктелері орнатылады. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрағалық еткен жиында айтылды. Қала әкімі бірнеше ай бұрын көшелерге жарық тарту туралы тапсырма берген еді.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын жарық жүйесі болмаған 208 көшеге шам қою жұмысы аяқталып қалды.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес сынған және зақымдалған жарық нүктелері анықталып жатыр. Сапа мен қызмет көрсету үнемі бақылауда болмақ, — делінген хабарламада.

2020 жылдың соңына дейін қалаға толық жарық тарту жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version