Басты бет Жаңалықтар Алматының үздік мектеп ұжымдары марапатталды

Алматының үздік мектеп ұжымдары марапатталды

Алматыда қала әкімінің қатысуымен Ұстаздар күні аталып өтті. Шарада қалалық "Үздік ұжымы - 2019" байқауының қорытындысы жарияланды.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда байқауға қатысқан 205 мектептен 10 білім ошағы оза шапқан. Ұжым мүшелерінің жалақысына қосымша сыйақы қосып беріледі.

Алматының білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, үздік педагогикалық ұжым байқауы Алматыны ғана қамтиды. Байқау 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Ұстаздар күні қарсаңында жеңімпаз атанған ұжым өздерінің жалақыларына қосымша сыйақы қосып алады. Жыл сайын шамамен 10 мектеп үздік шығады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 130 миллион теңге бөлінген, — деді Ләззат Жылқыбаева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version