Басты бет Жаңалықтар Өзбекстанның келесі президенті кім болады?

Өзбекстанның келесі президенті кім болады?

Өзбекстандағы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына 2 айдан аз уақыт қалды. Саяси партиялар өзбек елін басқаруға лайық деп таныған 4 саясаткердің кандидатурасы да дайын. Ал уақытша президент Шавхат Мирзияев аз күннің ішінде не тындырды? Оны қазірден бастап болашақ президент деп тануға негіз бар ма? 22 миллионға жуық сайлаушысы бар елдің саяси науқан қарсаңындағы өзгерістерін "31 арна" тілшісі Манас Қайыртайұлы зеттеп көрді.

Сурет "31 арнаның" жаңалықтар қызметінен алынды.

Өзбекстан президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды. Олар парламенттің вице-спикері Сарвар Отемурадов, 2015 жылғы президент сайлауына түскен Хотамжан Кетмонов пен Нариман Омаров және қазіргі уақытша президент Шавхат Мирзияев.

Естеріңізге сала кетейік, Ислам Кәрімов қайтыс болған соң орнына уақытша Шавхат Мирзияев отырған еді. Ол осы аралықта өз пәрменімен Жұлдыз Османова, Обид Осомов, Шерәлі Джураев сынды қудалауда жүрген бірнеше өзбек жұлдыздарын сахнаға қайтарды.

Бір қызығы, Кәрімов қайтыс болғаннан кейін әлемдік ірі ақпарат агенттіктері Өзбекстандағы саяси ахуал жайлы жақ ашпады. Бірақ жергілікті басылымдар Шавхат Мирзияевтің іс-сапарларын кеңінен насихаттай бастаған. Ферғана Оппoзициялық сайты Мирзияевтің Ресейдегі ең бай адамдардың бірі, Өзбекстанның тумасы Әлішер Османовпен құдандалығын еске салып, елді ары қарай кім басқаратынын аңғартқандай. Оған қоса Лола Кәрімова мен Тимур Тілләевке қарасты кoмпаниялар Мирзияевтің екі күйеу баласына өтіп кеткені жайлы да расталмаған ақпарат бар.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version