Басты бет Басты Америкалық дәрігерлер қазақстандық балаларға тегін пластикалық ота жасайды

Америкалық дәрігерлер қазақстандық балаларға тегін пластикалық ота жасайды

Ана мен бала ұлттық ғылыми зерттеу орталығындағы америкалық дәрігерлер бет, жақ тұсында туа біткен кемістігі, пигменттік дақтары бар, сондай-ақ беттерін күйік шалған балаларға пластикалық ота жасамақшы.

Көрнекі сурет

Ота жасау қараша айына жоспарланған. Оған дейін америкалық дәрігерлер еліміздің әр аймағынан келген 80-ге тарта баланы алдын-ала тексерістен өткізіп жатыр. Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушысы «Асыл бала» қауымдастығы мен АҚШ-тың «University Medical Center» корпоративтік қоры.

АҚШ-тың «Өзара жәрдемдесу халықаралық тобының» директоры Лариса Мейсонның айтуынша, америкалық дәрігерлер нақты бір салаға ғана маманданған. Құлақ жарғағын емдейтін дәрігер беттегі ісікті қарамайды. Отаға қажетті құрылғылар қараша айында жеткізіледі.

Аталған жоба әлемнің өзге елдерінде де жүргізілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version