Басты бет Жаңалықтар Бақытжан Сағынтаев Kitap Fest фестиваліне қатысты

Бақытжан Сағынтаев Kitap Fest фестиваліне қатысты

Алматыда Қала күніне орай Kitap Fest фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль осымен алтыншы рет ұйымдастырылды.

Фото: @sagintayev.b

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шараға жыл сайын 7 мыңнан астам адам келетінін айтты. Бұл туралы әкім Instagram-парақшасында жазды.

Фестиваль қонақтары көркем әдебиеттің жаңалықтарымен танысып қана қоймай, танымал әрі дарынды жазушылармен, блогерлермен, қоғам белсенділерімен, журналистермен және актерлармен кездесуге мүмкіндік алды, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, фестивальдің ерекшелігі сол, әр жастағы келушілер өзіне керек әдебиетті таба алады. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі де өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version