ЮНВТО, ЮНЕСКО, Азия даму банкі және Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономды районы үкіметінің қолдауымен Almaty Towers ғимаратында өтетін халықаралық конференцияға Дүниежүзілік туристік ұйымның Жібек жолын дамыту жобасының басшысы Алла Пересолова, China Tours жобасының басшысы Андреас Флук, Culture Resources Development Co Ltd, Қытай төрағасы Петер Уонг және басқа да тұлғалар қатысады.
Қаланың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған бағытталған конференцияның қорытындысы жаңа туристік өнімді ілгерілетудегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады.
Сондай-ақ, конференция аясында жетекші сарапшылар: Roger Grant – Great Southern Touring Route директоры және Kurt Grötsch – ChineseFriendly компаниясының директоры жетекшілігімен шеберлік сыныптары өткізіледі.
Сарапшылар мәжілістерде бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда:
— Жібек жолы бойындағы Алматының 1000 жылдығы;
— Алматы-Бішкек дәлізі аясындағы экономикалық өзара әрекеттестік;
— «Алматы – Бішкек – Қашғар туристік бағыты» трансұлттық жобасын таныстыру және ілгерілету» және басқа да мәселелерді талқылайды.
Конференция аясында жаңа трансұлттық бағытты орнықты және тартымды өнім ретінде ілгерілету үшін «Алматы – Бішкек – Қашғар» ақпараттық турын өткізеді.
Конференцияның қорытындысы Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Алматы облысы Туризм басқармасы, Азия даму банкі, Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономды районы үкіметі, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі арасында Жаңа туристік өнімді ілгерілетудегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады.
Сондай-ақ, конференция аясында жетекші сарапшылар: Roger Grant – Great Southern Touring Route директоры және Kurt Grötsch – ChineseFriendly компаниясының директоры жетекшілігімен шеберлік сыныптары өткізіледі.
Ауқымды халықаралық іс-шаралар EXPO 2017 мен 2017 жылғы қысқы Универсиада қарсаңында конференцияның өткізілуі орайласып тұр, өйткені ол туристік дестинацияны дамыту үшін практикалық ұсыныстар алмасу бойынша мүдделі тараптарға алаң ұсынады.
Еске сала кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясының шешімімен Алматы қаласының 1000 жылдығы ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылға арналған Мерейтойлық және атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.