24-26 қыркүйек. Шамадан тыс ыстықтан кейін күн суиды

Синоптиктердің хабарлауынша, демалыс күндерінде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы 33-39 градус жылыға дейін көтерілді. Алдағы үш күнде нормадан тыс ыстық қыркүйекке тән ауа райына ауысады.

Арктикалық суық фронттардың өтуіне байланысты республиканың орталығында және шығысында жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде минус 3 градусқа дейін төмендейді, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Батыс және солтүстік облыстарда суық фронттардың ықпалынан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәуліктің түнгі және күндізгі уақытында тұман басып, үсік жүріп өтеді.