Басты бет Жаңалықтар Халықаралық Almaty Film Fest фестивалі басталды

Халықаралық Almaty Film Fest фестивалі басталды

Алматыда Қала күнін тойлау аясында II халықаралық Almaty Film Fest фестивалі басталды. Фестиваль бір аптаға созылады.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Шараның ашылу салтанатында қызыл кілеммен отандық киноиндустрияның артистері мен әлемге әйгілі жұлдыздар жүріп өтті. Фестивальдің ұраны — «Мәдениеттерді жақындастыру». Кинофестивальдің қазылар алқасы құрамында қазақ актрисасы, «Алтын пальма» бұтағының иегері Самал Еслямова, британдық режиссер әрі продюсер Хью Хадсон, ресейлік продюсер Алексей Петрухин бар.

Фестивальдің негізгі конкурс күнінде 2019 жылы екі немесе одан да көп ел бірігіп түсірген 12 кинокартина көрсетіледі. ЮНЕСКО-мен бірлескен «Кинодағы әйелдер», «Ecfa» балалар фильмдерінің еуропалық қауымдастығымен бірлескен «Отбасылық кино» бағдарламасы, «Жарқын дебюттер» бағдарламасы мен «Ұшқын» студенттік кинофестивалі жеңімпаздарының бағдарламасы да ұсынылады.

Фестивальдің қорытындысы бойынша «Кинофестиваль Гран-приі», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» номинациялары, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» мен «ЮНЕСКО-ның арнайы сыйлығы» беріледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version