Басты бет Жаңалықтар «Астанаэнергосервисті» тарату 1 миллиард теңге үнемдейді

«Астанаэнергосервисті» тарату 1 миллиард теңге үнемдейді

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала активінің жиналысында мемлекет сыңайлы сектордың оңтайландыру жұмысы туралы айтты.

Фото : Weproject.kz
Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астанаэнергосервис» компаниясын таратса, жылына 1 миллиард теңге үнемделеді.

Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы мемлекет сыңайлы секторды оңтайландырудың аясында кәсіпорындар саны 24-тен 14-ке дейін азаяды. Ал экономикалық тиімділігі жылына 2 миллиард теңгеге жетеді.

Үнемделген қаражат қысқы жабдықтарды, оның ішінде қар тазалайтын құралдарды сатып алуға жұмсалады.

Елорданың қысы қатты. Қар тазалайтын көліктері бар автопаркті көріп қайттық. Құралдары ескірген, — деді әкім.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version